ТАЛАБЫН ҰШТАҒАН «ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ»

Уақыты: 14.01.2025
Оқылды: 287

Текеліде «Жарық жұлдыз» өнер байқауы өтті. Оған бүлдіршіндер, мектеп оқушылары, Балалар шығармашылық орталығының жеткіншектері қатысты. Қалалық сайыс көпшліктің көңілінен айрықша орын алды.

Байқау қалалық білім бөлімінің басшысы Нұрлан Нүсіпбековтың қоладуымен ұйымдастырылды. Ондағы негізгі мақсат – дарынды балалар ұжымдарын дамытып, қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру, жастарды өнерге баулу.

Өрендер аспапта ойнау, дәстүрлі ән, хореография, көркем сөз оқу, вокал, хор ән шырқау, сән үлгісі, бейнелеу өнері, қолөнер бағыттары бойынша сынға түсті. Олардың өнерлерін арнайы бекітілген әділқазы алқаласы бағалады.

Байқау керемет өтті. Балалардың өнерін қолдып отырған қалалық білім бөліміне көп рақмет. Жыл сайын өткізіліп отырса екен деген тілегіміз бар. Шыны керек байқауға қатысып отырған бүлдіршіндер мен жоғарғы сынып оқушылары бірінен бірі өтеді. Мұндай талантты жастардың шам шырағын жағып жүрген жетекшілеріне айтар алғыс шексіз, – дейді қала тұрғыны Тамаша Қадырбек.

Шара соңында «Балақай», «Бүлдіршін», «Кіші», «Орта» топтардан үздік деп танылған балалар марапатталды. Жеңімпаздарға Алғыс хат, арнайы сыйлықтар табысталды.

Медет ЖҰМАБАЙ