Оқи отырыңыз
Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары жалғасуда. 10 ақпан күні керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне жетті7
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан құрамасының сапында Тилсимай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.
Топтық кезеңде отандастарымыз Тайбэй құрамасымен кездесті. Қазақстандықтар қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 0:14 есебімен жеңіске жетті.
Келесі матч Астана уақытымен сағат 16:00-де Қытай құрамасына қарсы болмақ.
Фото: olympic.kz