Оқи отырыңыз
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Олжас Климин қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Х қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан (10 км) еркін стильде сынға түскен отандасымыз жарыс қорытындысы бойынша үшінші орын алды.
Аталған сында Климин мықты қарсыластарынан озып кетті. Оның ішінде қытайлық спортшылар Бао Лин (2019 жылғы әлем чемпионатында 13-орын) мен Чен Деген (2022 жылғы Олимпиадада 13-орын) және жапониялық Такацугу Уда (2021 жылғы әлем чемпионатында 9-орын) бар.
Фото: Туризм және спорт министрлігі