Финалға жолдама! ӘЧ-дегі қазақстандық боксшылардың жекпе-жектеріне трансляция

Уақыты: 14.03.2025
Оқылды: 487

Бүгін, 14 наурызда Сербияның Нише қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында жартылай финалдық айқастар өтеді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін рингке алты қазақстандық боксшы шығады. 18:00-де басталатын күндізгі сессияда бір ғана боксшымыз шығады: Виктория Графеева (60 кг) ринг қожайыны Наталья Шадринамен жұдырықтасады.

Ал 22:00-де тағы бес боксшымыз финалға жолдаманы сарапқа салады.

Жекпе-жектер кестесі

Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 18:00)
60 кг. Виктория Графеева - Наталья Шадрина (Сербия), №6-жұп.

Кешкі сессия (22:00)

48 кг. Назым Қызайбай - Хон Кен Рен (КХДР), №1-жұп;

50 кг. Алуа Балқыбекова - Ан Кум Бел (КХДР), №2; 

63 кг. Аида Әбікеева - Елена Бабичева (Ресей), №7;

70 кг. Наталья Богданова - Лиза Эдель О’Рурк (Ирландия), №9;

+81 кг. Елдана Тәліпова - Дарья Сазонова (Молдова), №12.

Фото: instagram.com/qaz_team_official