Назым үш дүркін, Алуа тұңғыш рет әлем чемпионы атанды

Уақыты: 17.03.2025
Оқылды: 518

2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Назым Қызайбай бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті,  деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ол 48 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.

Қазақстандық боксшы ақтық сында ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Назым айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Назым Қызайбай үшінші рет әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті. Бұған дейін ол 2014 және 2016 жылы жеңіс тұғырының биігіне көтерілген еді.

Сондай-ақ Алуа Балқыбекова Әлем чемпионы атанды.

Ол (50 кг) Сербияда өтіп жатқан байрақты бәсекенің финалында қытайлық Ху Мэйиді 5:0 есебімен жеңді.

Фото: olympic.kz