Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде 13 алтын жеңіп алды

Уақыты: 09.04.2025
Оқылды: 332

Қазақстан құрамасы Түркістанда өткен Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнирде керемет нәтиже көрсетті.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  Vesti.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Бұл турнирге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қытай, Египед, Сауд Арабия, Кувейт елдерімен қатар Қазақстанның барлық аймағынан 300-ден астам кіл мықты боксшылар келіп, апта бойында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Бұл жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар барлық 13 салмақта алтын жеңіп алды.

Фото: csp-sakha.ru