Бек Нұрмағанбеттің келесі айқасы белгіленді

Уақыты: 10.04.2025
Оқылды: 345

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбеттің (14-0, 12 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды 

Қазақстандық боксшы кейінгі айқасын 6 сәуір Филадельфияда (Пенсильвания штаты, АҚШ) өткізіп, костариколық Энкарнасьон Диасты (20-6, 11 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Бұл қазақ боксшының кәсіпқой карьерасындағы 14-ші жеңісі, оның он екісін нокаутпен аяқтап отыр. Ал кейінгі жеті айда Бек үшінші рет рингке шығып отырғанын айта кетейік. Енді міне нокаутпен жеңістен үш күн өте Бектің келесі жекпе-жегі белгіленді. 

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет атақты мексикалық Сауль "Канело" Альварестің командасында жаттығып, онымен спаррингтер өткізеді.

Фото: instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/