«ASHYQ» АРҚЫЛЫ  ҚАБЫЛДАЙДЫ

Уақыты: 14.06.2021
Оқылды: 1222

Дүйсенбіден, яғни, бүгіннен бастап, бас мемлекеттік санитар дәрігердің (2021 жылғы 11 маусымдағы№ 27) қаулысына сәйкес, Алматы облысы бойынша Текелі, Қапшағай, Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары клиенттерді «Ashyq» қосымшасы арқылы қабылдай бастады.

Қосымшаны App Store және Google play-ден жүктеуге болады. Сондай-ақ, «Ashyq» қызметі kaspi.kz, Homebank @HalykBank және eGov mobile қосымшалары арқылы қолжетімді. 
Санитарлық талаптарды сақтауды ұмытпаңыз. Бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, санитайзерлерді қолданыңыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"