Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ХҚО-ЛАРЫ ТЕК БРОНДАУ АРҚЫЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Уақыты: 06.07.2021
Оқылды: 1085
Бөлім: ӘРТҮРЛІ

7 шілдеден бастап Алматы облысының  ХҚО-лары халықты тек брондау арқылы қабылдайды.

Алматы облысында коронавирустың таралуына байланысты облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы шеңберінде 2021 жылғы 7 шілдеден бастап ХҚО-лар азаматтарды тек алдын ала брондау бойынша қабылдайтын болады.

ХҚО-ға келген кезде санитарлық талаптарды сақтауды ұмытпаңыз - бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз.

Сондай-ақ ХҚО қызметкерлері келушілердің мәртебесін Ashyq қосымшасы арқылы анықтайтын болады.

ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"