Аптап ыстықта да құрғамайды: Біз білмейтін таңғажайыптар

Уақыты: 29.05.2023
Оқылды: 892

Әлемде көз көрмеген, құлақ естімеген түрлі таңғажайып бар. Бірін білсек, бірін біле бермейміз. Солардын бірқатарына тоқталайық.

Ерекше суат

Талдықорған қаласының маңында әлемді таңғалдырған кішкене ғана суат бар. Ол шілденің шыжғырған ыстығыда да құрғамайды, мұздай болып тұрады. Ол жерде балық ауланбайды, балдыр өспейді. Суат әлі күнге дейін толық зерттелмеді. Сүңгуірлер баллонға барынша ауа толтырып алып түссе де, үш минуттан соң тұншыға бастайды екен.

Айдаһар

Қазақстандағы тағы бір шетел ғалымдарын таңғалдырған жер – Абай облысында. Бұрынғы Семей полигоны болған жердің орнында айдаһардың бейнесі тәріздес дақ қалған. Ғалымдар қанша бас қатырса да, мұның құпиясын аша алмай келеді.

Түрлі-түсті өзен

Шетел табиғаты туралы сөз қозғойтын болсақ – Колумбиядағы Каньо-Кристалес өзені бірінші жарты жылда әдеттегі өзен, ал маусым мен желтоқсан айларының аралығында түрлі-түсті болады. Балдырлар ауарайына байланысты қызыл, көк, сары, қызғылт, жасыл түстерге енеді. Жергілікті тұрғындар оны «бес түстердің өзені» деп атаса, туристер «кемпірқосақ өзен» деп атайды.

Сахара көзі

Сахара көзі немесе Ришат – диаметрі 50 километр болған геологиялық  құрылым. Орбитадан қарағанда ғарышқа қарап тұрған құбылмалы көздің қарашығына ұқсайды. Африка шөлінде біркелкі ландшафттан ерекшеленетіндіктен, бір кездері ол ғарышкерлерге бағдар болған.

Кемпірқосақ

«Алаулы кемпірқосақ» – сирек кездесетін оптикалық әсер. Жер бетінен биікте бұлттар арасында күн сәулелері мұз кристаллдарында сынып спектрге бөлінгенде пайда болады. Құбылысты көбінесе жазда күн көкжиектен жоғары тұрғанда байқауға болады.

Нұрила Кариманова,
Жетісу университетінің гуманитарлық факультеті,
журналистика кафедрасының студенті.
Суреттер ғаламтордан алынды