МОТОЦИКЛ СПОРТЫНАН ҚР КУБОГЫ ӨТЕДІ

Уақыты: 13.08.2019
Оқылды: 1614

Осы жылдың 24 тамызында «Hill CLIMB» (Тауға көтерілу) дисциплинасы бойынша Текелі қаласында «Жетісу Тур-Эндуро-2019» атты мотоцикл спорты бойынша Қазақстан Республикасының Кубогын өткізу жоспарлануда.

ҚР Кубогының жарысы - мотоциклдер мен квадроциклдерде жолсыздық бойынша жылдамдыққа, уақытқа және төзімділікке шыңдалатын  бір күндік жарыс. Сайыстар бірнеше айналымдардан тұрады, соның ішінде: тауға көтерілу, төмен түсу, кез келген ауа райы жағдайында табиғи және жасанды кедергілерден өту.
Мақсаты мен міндеттері:

  • оқиғалы туризмді насихаттау және облыстағы туристік ағымдыұлғайту.
  • халықтың күнделікті өміріне мото-туризмді енгізу;
  • мото туризммен айналысуға тарту арқылы әуесқойлар арасында мото-туризмді насихаттау;
  • бос уақытты өткізу және салауатты өмір салтын насихаттау нысаны ретінде спорттық туризмнің техникалық түрлеріне жастардың назарын аудару.

Ұйымдастырушы: Алматы облысының туризм басқармасы.
Жарысты тікелей өткізу «ADVENTURE LIVE» қоғамдық бірлестігіне жүктеледі, жауапты тұлға: А. Артющенко.

Өткізілу кестесі
8.00-9.00 қатысушыларды старт орнында Жинау

9.00 -10.00 Медициналық және техникалық комиссиядан өту

10.00-10.30 ресми жаттығу

10.45-11.30 жарыстың ашылуы

12.00-16.30 ресми кіру

16.30-18.00 нәтижелерді бекіту, қатысушыларды марапаттау

Тіркелу және жарысқа қатысу туралы бойынша байланыс телефондары:
Александр Артющенко ("ADVENTURE LIVE»)
+7(705) 448 80 88

Рауан Мырзағұлов (туризм басқармасы)
+7 (707) 437 88 91

Сурет ғаламтордан алынды