ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?

Уақыты: 20.08.2019
Оқылды: 2478

Қазіргі дамыған уақытта адамның бәрі әлеуметтік желіге тәуелді. We are social және Ноotsuite  осындай мәлімет жариялады. Орта есеппен алғанда адам күніне желіге 6 сағат 42 минутын жоғалтады екен. Бұл өте көп. Бірақ 2018 жылмен салыстырғанда 7 минутқа кеміген.

2018 жылдың қаңтарынан бері санағанда күніне бір миллион адам тіркеледі, ол шамамен секундына 11 жаңа адам  желіге қосылады деген сөз. 2012 жылы әлеуметтік желі қолданушыларының  саны 2,08 млрд. адам болған, ал қазір 4,39 млрд. адамға жетті. Жеті жылдың ішінде әлеуметтік желі қолданушылары 2 млрд.-қа көбейіп отыр. Бұл, әрине, жақсы жетістік.

Әлеуметтік желінің зиянды жақтары да, пайдалы жақтары да бар. Биохимиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, электромагниттік өрістер адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына кері әсерін тигізеді. Кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізген зерттеулерге сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру таралып, өз- өзіне қол салған адамдар қатары  көбейген. Бұл электромагнит ми құрылысына өте қатты әсер етеді. Пайдалы жағы –  адамдар екі материкте тұрып бір-бірінің дауысын ғана естіп қоймай, көре де алатыны. Мұндай мүмкіндік 20 жыл бұрын болған жоқ.
Әлеуметтік желіні пайдаланушы әр адам оны тек тиімді, пайдалы жағынан ғана қолданса дұрыс болар еді.

Арнай ЕРІКОВ, 
ЖМУ-дің журналистика және репортер мамандығы бойынша студенті
Сурет ғаламтордан алынды