КӨЛІККЕ ГАЗ ОРНАТУ: ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛАМЫЗ ДЕСЕК

Уақыты: 28.07.2020
Оқылды: 1336

Автокөлікте болып жатқан өрттер соңғы уақытта өрт сөндірушілер үшін өзекті мәселеге айналды. Сырттан әкелінген  шетелдік көліктер ұзақ жыл бойы қолданыста болғандықтан және электр сымдарының тозуы, сондай-ақ, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу салдарынан өртенуде. Қасақана өрт қою фактілері де статистиканы толықтыруда. Сонымен бірге жүргізушілердің көпшілігі міндетті түрде орындалуы тиіс маусымдық профилактикалық іс-шараларды уақытылы жүргізбейді. Автокөлікті ұзақ пайдалану және қолдан жасалған сақтандырғыштарды қолданудың нәтижесінде өрттің туындау ықтималдығы күшейеді.

Автокөлігіңізде өртті болдырмау үшін  отты қолданғанда ұқыпты әрі абай болу керек. Ең бастысы – автокөліктің қозғалтқышын жөндеу кезінде өз күштеріңізге ғана сенбеңіздер. Пайдалануда болған сақтандырғыштардың орнына зауытта жасалған сақтандырғышты сатып алу керек, ол сізге электр сымдарының қысқа тұйықталу қауіпсіздігіне кепілдік береді. Арнайы техникалық қызмет көрсету стансыларында да қауіпті жағдай орын алуда. Автокөліктердің көбеюіне байланысты әрбір қиылыста жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар іспеттес ТЖО және автожуу орындарының саны артуда. Өкінішке қарай, осы сервистердің қызметкерлері өз шеберханаларының тиісті өртке қарсы жағдайын сақтамайды. Белгіленбеген орындарда темекі шегеді, тиісті өртке қарсы іс-шараларсыз дәнекерлеу жұмыстарын жүргізеді. Мұндай бұзушылықтар міндетті түрде өртке әкеледі. 
Газды пайдаланатын автокөліктер үлкен алаңдаушылық тудырады. Үнемділігі мен қоршаған ортаға келтіретін зиянының аздығымен қатар газ-баллон жабдықтарын пайдаланумен байланысты бірқатар проблема да бар. Мамандандырылмаған стансыларда сапасыз жабдықтарды орнату көбіне олардың істен шығуына, соның салдарынан жарылыс пен өрттің туындауына әкеп соқтырады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жабдыққа және оған кәсіби монтаждау жүргізу үшін стансыны таңдауда қаржыны үнемдеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, ГБЖ жабдықталған автомобильдер қызмет көрсетуде көп назар аударуды талап ететінін ұмытпаңыз.
Газбен жүретін автомобильдерді пайдалануға байланысты қауіпсіздікті арттыру мақсатында газ баллон жабдығымен жарақтандырылған автомобильдердің жабық тұрақтарға және паркингтерге кіруіне тыйым салатын белгіні белгілеуді көздейтін 12.4-026-2002 ҚР СТ ГОСТ Р 1-ге № 1 өзгерістер «Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері және сигналдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттар және қолдану тәртібі» Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы» 2002 жылғы 2 маусымдағы № 197-од бұйрығымен бекітіліп, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Құрметті автокөлік иелері! Сіздің автокөлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қозғалтқыштың жарамдылығын үнемі бақылап отыру керек. Электр сымдарында ақаулықтар болса, май немесе бензин аққан жағдайда автомамандарға хабарласыңыз. Ең бастысы, сыйымдылығы 2 келіден кем емес ұнтақты немесе көмірқышқыл құрамды жарамды өрт сөндіргіші болуы керек.

Облыстық ТЖД зілзалалар қауіп-қатерін
азайту және азаматтық қорғау саласындағы
бақылау басқармасы