Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын реттеуді алып тастағалы баға айтарлықтай өскен.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дизель мен отын бағасының мемлекеттік реттеуде болмауына қол қойып, бұйрық 30 қаңтарда күшіне енді.
Қазақстан жанар-жағармай қауымдастығының мәліметінше, 1 ақпанда реттеу жойылғаннан кейін жанар-жағармайды көтерме жеткізушілер бағаны өсірген. Бұл айдың соңында жанармайдың бөлшек сауда бағасынан көрінеді дейді.
«Ресурс иелері, соның ішінде жанар-жағармай нарығын 80% бақылайтын «KC Energy Group» пен «ҚазМұнайГаз» 1 ақпаннан бастап көтерме бағаны көтерді. Осылайша, бөлшек саудагерлер қазір ақпадағы жанар-жағармай көлемін жоғарылатылған бағамен сатып алып жатыр. Осылайша, дизельдік отын мен АИ-92 маркалы бензин орташа есеппен бір литр үшін – 4 теңге. Сәйкесінше литріне 4 теңгеге өседі», – деп түсіндірді қауымдастық.
Қауымдастық қосылған 4 теңгенің 80%-ы немесе 3 теңгесі акциз түрінде мемлекеттік бюджетке алынады дейді.
Фото: Pixabay.com