Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың 1 ақпанында Қазақстанда қанша автокөлік тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
1 ақпанда елде жалпы саны 5 755 499 көлік тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,6%-ға көп. Оның ішінде 5 086 227 жеңіл автокөлік, 116 493 автобус, 570 779 жүк көлігі бар.
Өңірлерде тіркелген жеңіл автокөлік саны:
Алматыда — 611 097
Алматы облысында — 549 135,
Астанда — 390 346,
Қарағанды облысында — 324 197,
Түркістан облысында — 304 156.
Ал дипломатиялық нөмірмен тіркелген автокөлік саны – 39 807, жүк көлігі – 9 806, автобус – 2 178.
Сондай-ақ қай өңірде тіркелгені белгісіз 315 960 көлік анықталған.
Фото: Myfin.by