Мониторинг қорытындысы бойынша Сарқан ауданы «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК, Алакөл ауданы «Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығы» МКҚК және Панфилов ауданы «Дәнеш Рақышев атындағы өнер мектебі» МКҚК кәсіпорындарының жарғылық қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2015 жылғы №1095 Қаулысына сәйкес келмейді, бұл Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзады.
Анықталған бұзушылыққа байланысты Департамент жіберілген сәйкессіздіктерді жою туралы нұсқама шығарды. Қазіргі уақытта нұсқама толық көлемде орындалды.
«Жетісу-Ақпарат»