Компания мәліметінше, Қазақстан заңнамасына сәйкес, кейбір заттарды теміржол көлігімен тасымалдауға тыйым салынған және бұл әрекет үшін жауапкершілік қарастырылған.
Пойызда алып жүруге тыйым салынған заттар тізімі:
-
Жарылғыш заттар мен құрылғылар;
-
Тез тұтанатын сұйықтықтар (бензин, метанол және т.б.);
-
Жанғыш қатты заттар;
-
Улы және күшті әсер ететін химиялық заттар;
-
Жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар;
-
Атыс және суық қару түрлері (пышақ, кастет, сойыл);
-
Оқ-дәрілер мен патрондар.
Жолаушылар вокзалдарда арнайы тексерістен өтеді. Елдегі барлық ірі теміржол бекеттері металл детекторлармен, рентген аппараттарымен және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Қауіпсіздікті тәулік бойы полиция мен күзет қызметі бақылайды.
Сондай-ақ, пойыз ішіндегі тәртіп те жіті назарда. Вагондарға орнатылған бейнекамералар арқылы жолаушылардың қозғалысы бақылауда болады. Бұл жазбалар тек арнайы мамандарға қолжетімді.
Қазіргі таңда «Тальго» маркалы пойыздардың 24 құрамында 1350 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр.
«Жетісу-Ақпарат»
Фото: Мақпал Әділханқызы