– Аудандық аурухананың дәрігерлері тыл ардагерлерінің үйіне жиі барып, медициналық тексеруден өткізіп тұрады. Дәрі-дәрмектерді де үйіне апарып береміз. Өйткені ауруханаға келу ардагерлерге қиын соғады. Жалпы ауданда 84 тыл ардагері тұрады. Барлық ардагерлерге көмек көрсетіледі, – деді аталған аурухана директоры Кумаров Біржан Асқарұлы.
Естеріңізге сала кетсек, Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында 9 мамырға дейін созылатын денсаулық айлығы басталды. Тегін медициналық тексерулер мен консультациялық-диагностикалық көмек емханаларда да, үйде де ұйымдастырылуда.
Жетісу облысында Ұлы Отан соғысына тікелей қатысушы 2 ардагер бар. Олар Төлеубай Чектыбаев пен Ысқақ Құсайынов, ардагерлер бүгінде 100 жастан асты. Сол сияқты 1598 тыл еңбеккерлері тұрады.
«Жетісу-Ақпарат»