Қала әкімдігінің берген мәліметінше, шаһар аумағын, саябақтар мен ықшам аудандарды ағаш жапырақтарынан және күл-қоқыстан тазартуға аймақтағы жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен студенттері, мемлекеттік мекеме қызметшілері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және жеке кәсіпкерлер ат салысқан.
Сенбілікке қатысқан адамдардың барлығы күрек, тырма, сыпыртқы сынды құрал-саймандармен толық қамтылған. Жалпы осы күні 30 жүк көлігімен 250 тоннадан астам қалдық жиналып, жүк көліктерімен арнайы қоқыс алаңына жеткізілген. Алдағы уақытта қала саябақтарына 3 мың көшет отырғызылмақ.
Айдын КӘЛІМХАН