16 жастағы Шерзат Полаттың қаза болуына байланысты қозғалған іс бойынша айып тағылғандардың туыстары жәбірленуші тарап марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовты да жауапқа тартуды сұрап отыр.
Олар жариялаған бейнеүндеуде тараптар арасындағы теңдік мәселесі көтерілді. Айыпталушылардың жақындары соттың әділетті шешім шығаруын талап етуде.
“Екі қыз байқұс. Жас балаға не бар ол жерде. Қасынан өтіп бара жатқан балаларды да қамап қойды. Неге Қаржаубай қамалмайды? Неге тек біз жақ қамалады? Бастаған Қаржаубайдың баласы. Достарын шақырып, ішімдік сатқандар да солар. Біз ешкімді ұрған жоқпыз. Барлығы өздерінен басталып, өздерінен шыққан. Енді бізді кінәлап, балаларымызды ұйымдасқан қылмыстық топ деп отыр. Хутор бригадасы деп айып тақты. Бригада деген бұл жерде ауылдың құрылымы ғана. Рысқұлов ауылында бес бригада бар. Соттан әділдік сұраймыз,” – деді бейнежазбада сөз сөйлегендер.
Оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Қоғам белсенділері мен жақын туыстары бұл істің әділетті шешімін күтуде.
Фото: Видеодан алынған кадр