Жетісу облысы бойынша барлығы 72 тұрақты автобус маршруты бар (қалалық- 29, қала маңындағы – 10, ауданішілік – 9, ауданаралық-17, облысаралық-7), 330 бірлік жылжымалы құрам тартылып (қалалық-190, қала маңындағы – 45, ауданішілік – 9, ауданаралық-38, облысаралық-48), 18 тасымалдаушы қызмет көрсетеді (қалалық-8, қала маңындағы – 2, ауданішілік – 4, ауданаралық-6, облысаралық-6).
Облыс аумағында 1 автовокзал (Талдықорған қ.), 6 автостанция (Үшарал қ., Қабанбай а., Сарқан қ., Жансүгіров к., Жаркент қ., Үштөбе қ.) және 2 жолаушыларға қызмет көрсету пункттері орналасқан (Балпық би к., Текелі қ.).
2024 жылдың өткен кезеңінде тұрақты бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылар өз есебінен 45 бірлік автобус сатып алды (Талдықорған қаласы – 22 бірлік, Текелі қаласы – 18 бірлік, Ескелді ауданы – 5 бірлік).
Жылжымалы құрамның тозуы (7 жылдан жоғары) қалалық маршруттарда — 70%, қала маңындағы маршруттарда – 100%, ауданішілік маршруттарда – 77,8 %, ауданаралық маршруттарда – 76,3 %, облысаралық маршруттарда – 97,9 % құрайды.
СУБСИДИЯ БОЙЫНША АҚПАРАТ
Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 шешімімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар ретінде 43 маршрут (Талдықорған қ. – 27 маршрут, Текелі қ. – 6 маршрут, Қаратал ауданы – 2 маршрут, Ескелді ауданы – 1 маршрут, Алакөл ауданы – 5 маршрут, Кербұлақ ауданы – 2 маршрут) айқындалды.
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялау аясында 2024 жылға облыс бюджетінен 4 383,7 млн.тг (Талдықорған қ. – 4 230,8 млн. тг, Текелі қ. – 40,2 млн.тг, Қаратал ауданы – 37,1 млн.тг, Ескелді ауданы – 47,9 млн.тг, Алакөл ауданы – 0 млн.тг., Кербұлақ ауданы – 27,7 млн.тг) бөлінді, ал 2025 жылға 7 628,1 млн.тг (Талдықорған қ. – 6 974,2 млн. тг, Текелі қ. – 407,7 млн.тг, Қаратал ауданы – 54,1 млн.тг, Ескелді ауданы – 103,4 млн.тг, Алакөл ауданы – 34,6 млн.тг., Кербұлақ ауданы – 54,1) сомасына бюджеттік өтінім енгізілді. Қазіргі уақытта 3 892,7 млн.тг (Талдықорған қ. – 3 500,0 млн. тг, Текелі қ. – 200,0 млн.тг, Қаратал ауданы – 38,4 млн.тг, Ескелді ауданы – 65,0 млн.тг, Алакөл ауданы – 34,6 млн.тг., Кербұлақ ауданы – 54,1) бюджет қаражаты бөлінді.
ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША. Облыс орталығының маршруттық желісі 26 қалаішілік маршруттан және 10 қаламаңындағы маршруттан тұрады, 8 тасымалдаушы кәсіпорын қызмет көрсетеді («Транстал» ЖШС, «Сайман» ЖШС, «Ак Нар А» ЖШС, «Талдықорған Таксопарк» ЖШС, «Майка Инвест» ЖШС, «Жан Ел» ЖШС, «Ай амира»ЖШС, «Тасымал» ЖШС). Күн сайын қалаішілік бағыттарға қызмет көрсетуге 206 бірлік автобус тартылса, қала маңыдағы маршруттарға 44 автобус тартылады. Қалаішілік бағыттарда жол ақысы сараланған тариф бойынша төленеді (қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша 80 теңге, қолма-қол есеп айырысу үшін 120 теңге).
2024 жылы аталған маршруттары субсидиялау бойынша 4 230,8 млн.тг бөлінді (2022 жылы – 736,7 млн.тг, 2023 жылы – 1 775,0 млн.тг).
2021-2022 жылдары сатып алынған (37 автобус YUTONG ZK 6852HG, YUTONG ZK 6108HGH және 18 ПАЗ 320415-14) 55 автобус мүгедектігі бар адамдарға қажетті талаптарға сәйкес келеді (төмен еденді, және де арбаға таңылған мүгедектігі бар адамдарға кіруге арналған баспалдақпен (пандуспен) жабдықталған). Сатып алынған автобустар газбен (метан) жұмыс жасайды. Осы қоғамдық көліктерге қызмет көрсету үшін облыс орталығы Талдықорған қаласында жеке инвестициялардың есебінен («Skymax» компаниясы) Автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясы пайдалануға беріліп, жұмыс істеуде.
Облыста Талдықорған және Үшарал қалаларында 2 әуежай орналасқан.
Авиация саласын дамыту аясында 2022 жылы Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жобасы іске асырылды (9,2 млрд.тг., оның ішінде ҰҚ — 4,7 млрд. тг., РБ — 2,0 млрд. тг., ЖБ-2,5 млрд.тг.). Бұған дейін, 2017 жылы Үшарал қаласының жаңа аэровокзал кешені салынды (ЖБ — 1,1 млрд.тг).
Өз кезегінде Талдықорған қ. әуежайы 2015-2016 жылдары күрделі жөндеу мен қайта жаңартудан өтті (ЖБ — 1,0 млрд.тг).
Әуежайлар маусымдық «Алматы-Үшарал-Алматы», «Астана-Үшарал-Астана» («СКАТ», тиісінше РБ – 222,0 млн.тг және 303,0 млн.тг субсидия бөлінді), жыл бойғы «Астана-Талдықорған-Астана» («Қазақ-Эйр», коммерциялық рейс), «Талдықорған – Үшарал – Талдықорған» («Жетісу» авиакомпаниясы, ЖБ – 359,0 млн.тг субсидия бөлінді) бағыттарын қабылдайды. Жазғы маусымның «шыңында» соңғысының орындалу жиілігі 2 есе артады. Сондай-ақ аптасына 5 рет қосымша коммерциялық «Алматы-Үшарал-Алматы» рейсті қабылдады («Қазақ-Эйр»).
«Жетісу-Ақпарат»
Фото: spk-jetisu.kz