Талдықорғанда Шерзат Полат ісі бойынша сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Бұл жолы да куәгер Эльмира Нұрбекова жауап беруде. Ол оқиға түні сотталушылармен бірге көлікпен «Қамажай» дүкенінің алдына келген. Қазіргі таңда іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде өтіп жатыр.
Адвокат Мейірман Шекеев сот барысында Нұрбековаға оқиға болған кездің қалай өткенін және төбелес басталғанда «Пышақ көрдіңіз бе?» деген сұрақ қойды.
Ешқандай пышақ байқамадым. Тек Абзал Шынасылдың соққы жасағаннын көрдім, — деді куәгер.
Нұрбекованың қорғаушысы сотта адвокат Шекеевтің сұрағына жауап бере отырып, тергеу материалдарында Нұрбекованың «жүрек тұсына пышақ сұғылғанын көрдім» деген сөздері жазылмағанын растады.
Сот барысында Нұрбекованың тергеу кезіндегі беттестіру кезінде берген видео-жауабы көрсетілді. Видеодан оның қазақ және орыс тілдерін араластырып жауап бергені байқалды. Ал қазіргі сотта ол тек орыс тілінде жауап беруде.
Тағы оқыңыз: Шерзаттың өліміне қатысты ашық сот отырысы: онлайн-трансляция
Фото: Жоғарғы сот