Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісіне қатысты өтіп жатқан сот процесінде куәгер Дана Жақсыгелді жауап берді. Мемлекеттік айыптаушылардың сұрақтарына ол төбелестің қалай және кім тарапынан басталғанын нақты білмейтінін айтты.
Куәгердің сөзінше, ол «Қамажай» дүкенінің маңында мылтық даусын естіп, өз өміріне қауіп төнгенін сезген соң көлікке отырып, қайтып шықпаған. Оқиға орнынан мерседес көлігімен кеткен. Кейін басқа дүкенге бара жатқанда мылтықтың алдыңғы орындықта жатқанын байқаған. Дана Жақсыгелдінің айтуынша, қаруды көлікке Абзал есімді азамат алып келген.
– «Три семерки» дүкенінен темекі мен диззи сусынын сатып алдық. Дүкеннен шыққан соң куәгер Эльмира Нұрбекова диззи сусынын көліктің капотына қойды. Осы кезде Шыңғыс көліктің бір шетінде қолын жуып жатты. Менен диззиді құйып беруді сұрады. Сол кезде пышақтың жүзін көріп қалдым, – деді Дана Жақсыгелді сот отырысында.
Сот отырысы жалғасуда.
Оқи отырыңыз: «Пышақ көрмедім»: Шерзат Полаттың сотында куәгер жауап беруде
«Жетісу-Ақпарат»
Фото: Жұмабай Мұсабеков