Кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Процесс Жетісу облысы Талдықорғандағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтуде. Айыпталушылар орнында тоғыз адам отыр, олардың біреуі кәмелетке толмаған.
Еске салайық, 2024 жылдың 4 қазанында 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат әкесіне көмектесіп, дүкенде төбелеске араласқан. Төбелес барысында оны пышақтап өлтірген..
Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда. Құқық қорғау органдары бейнебақылау камераларының жазбаларын тәркілеп, қылмыстық іс материалдарына дәлел ретінде тіркегенін хабарлады . Алайда, марқұмның туыстары әділдіктің толық орнағанына сенімсіздік білдіруде.
Айта кету керек, Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың да жұмбақ жағдайда қайтыс болуы қоғамда алаңдаушылық туғызды. Оның өзіне қол жұмсағанына туыстары да сенбейді. Қаржаубай Нұрымов, Шерзаттың әкесі, Нұрғанаттың өліміне қатысты әділ тергеу жүргізілуін талап етуде.
Басты айыпталушы Шынасыл Шерзат Болатты өлтірді, оның ағасын өлтіруге оқталды және бұзақылық жасады деген күдікке ілінген.
Сакиевке кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық, Тоқтаубаев А.- ға бұзақылық және марқұмның ағасының телефонын ұрлау, Әскентай, Белғожаев, Ильясов, Тоқтаубаев Н., Қалиахметке бұзақылық жасау, кәмелетке толмаған Ы.-ға қылмыс туралы хабарламау бойынша айып тағылды.
Қазіргі уақытта іс бойынша сот отырыстары жалғасуда, және қоғам әділдіктің толық орнауын күтуде.
Фото: Жоғары сот