Жетісу облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Облыс прокуратурасы «Заң және Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында Қаратал ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысын Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 207-бабы бойынша жауапқа тартты. Лауазымды тұлғаға 130 айлық есептік көрсеткіш (қазіргі есеппен 511 160 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Басты заңбұзушылықтар:
-
Сумен жабдықтау желілерін салуға жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазымен 100 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасудан заңсыз бас тартқан.
-
Кейін қайта сатып алу рәсімін өткізіп, басқа компаниямен келісімшарт бекіткен.
-
Бұған қоса, техникалық талаптарға сәйкес келмейтін тауарлар жеткізілгеніне қарамастан, оларды қабылдап алған.
Прокурорлық шаралар нәтижесінде:
-
Конкурс комиссиясының бірнеше мүшесі тәртіптік жазаға тартылды;
-
Екі бөлім басшысы мен төрт маманға қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту берілді.
Прокуратура мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың орындалуын қатаң бақылауда ұстап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмысын жалғастыруда.
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов