ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ. ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Уақыты: 05.02.2023
Оқылды: 2845
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі белсенді қызметі ойын. Олар ойын арқылы берілген ақпаратты жақсы қабылдайды жəне естерінде сақтайды.

 Ынтымақтастық ортасын педагогпен жүргізілген ойын, құрылымдалған ойын, еркін ойын барысында қалыптастырады. Педагогпен бірлескен ойын бала бойындағы қорқынышты сейілтеді, бірлескен оқу ортасы құрылады. Педагог пен бала арасындағы қарым-қатынас жақсарады. Құрылымдалған ойын мен еркін ойын барысында бала ең алдымен жауапкерлішікті сезінеді. Себебі, ойын қызметтерінде педагог баланы бағыттап жəне бақылап қана отырады. Бала үнемі өзін тыңдағанды, оған көңіл бөлгенді ұнатады. Бұл бала үшін маңызды. Оқыту барысында бала пікірін білу, үніне құлақ асу арқылы оның сенімділігін арттырамыз жəне білім алуға деген белсенділігін арттырамыз. Баланың жеке қасиеттері əр жас кезеңінде белсенді əрекеттер негізінде қалыптасады. Мектепке дейінгі жастағы мұндай əрекет түрі ойын болып табылады. Н.К.Крупская былай дейді: «Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойындардың маңызы ерекше, олар үшін ойын - бұл оқу, ойын - олар үшін жұмыс, ойын - олар үшін тəрбиенің маңызды түрі. Олар үшін ойын - бұл қоршаған ортаны танудың əдісі. Ойнау кезінде олар түстерді, пішіндерді, кеңістіктік қатынастарды зерттейді, өмірді таниды, қоршаған ортамен байланыс жүргізеді». «Ойын» балалардың назарын аудару, көңілін аулау, қызықтыру үшін жүзеге асырылатын əртүрлі іс-əрекет түрлерін  қамтиды.

 

М. А. КАДЫРОВА,
"Бөбек балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

«Балдырған» ересек тобының тәрбиешісі
Панфилов ауданы