ТАЛДЫҚОРҒАНДА 500-ДЕН АСА ТҰРҒЫНҒА ЖЕР БЕРІЛМЕК

Уақыты: 04.03.2023
Оқылды: 1940
Бөлім: БАСТЫ БЕТ

Өңір-өңірде әкімдер есебі жалғасуда. Кездесуге сай түрлі елең еткізер жаңалықтардың айтылатыны да анық. Сондай маңызды ақпараттың бірі  Талдықорған қаласының әкімі Әсет МАСАБАЕВТЫҢ Өтенай ауылының тұрғындарымен кездесуінде жеткізілді.

Белгілі болғандай, бүгінде жалпы Талдықорған қаласында 36 мыңнан астам адам тұрғын үй салу мақсатында жер кезегінде тұр. Жақында соның кезек тәртібі бойынша 514  тұрғынға Өтенай ауылы аумағындағы Жастар-3 жаңа тұрғын үй алабынан жер бөлінбек. 

Бұдан бөлек әкім аймақта біраз саланың төңірегінде мәселе қордаланып тұрғанын жасырмаған.

Айталық, халықтың білім, денсаулық, спорт, мәдениет,  ауылшаруашылығы басқа да әлеуметтік салалар мен  ауызсу, жол, жарық, құрылыс, жайылымдық жер және газ тартуға қатысты мәселелері аз емес.

 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ