БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Уақыты: 29.02.2024
Оқылды: 640
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ел болашағы – жастар. Болашағымыз сенімді болу үшін жастардың жоғары білім деңгейі бәсекеге қабілетті болуы керек. Жоғары оқу орындарының басты міндеті – заман талабына сай бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау. 


Бүгінгі нарықта жоғары білім беру саласында өзінің талай жылғы тарихы бар, жастардың өсіп-өркендеуіне, ғылым мен білім саласындағы көкжиегін кеңейтуге, оқуға деген құштарлығын арттыруға бағытталған сапалы білім беретін мекеме ретінде Еуразиялық технологиялық университетін толықтай атап өтуге болады. Университет Алматы қаласында орналасқан 30-дан аса жоғары оқу орындарының ішінде жекеменшік нысандағы жоғары білім беру мекемелерінің арасында білім беру сапасы жағынан да, профессор-оқытушылардың біліктілігі жағынан да қазіргі таңда сұранысқа ие. 

Университеттің қысқаша тарихына тоқталсақ, 1948 жылы Алматы индустриалды техникумының базасында құрылып, кейіннен 2000 жылы Алматы индустриалды-педагогикалық академиясы болып өзгертілді. 2005 жылы академия өзінің мәртебесін жоғарылатып, Алматы гуманитарлы-техникалық университеті болып қайта құрылды. Ал, 2014 жылдың 14 наурызынан бастап Еуразиялық технологиялық университет ретінде өз қызметін жалғастыруда.    

Аталмыш оқу орны 2003 жылы еліміздегі жоғары оқу орындарының ішінде алдыңғы болып үш деңгейлі білім беру жүйесіне көшті. 2007 және 2013 жылдары мемлекеттік аттестациялаудан сәтті өтті, ал 2010 жылы барлық жоғары оқу орындарымен қатар білім берудің Болон процесіне көшірілді. 2014 жылдан бастап Еуразиялық технологиялық университеті жоғары білім беру саласында өзінің тұрақтылығын дәлелдей келе  университетке мерзімсіз білім беру лицензиясы берілді.

80 жылға жуық тарихы бар, көненің көзін көрген, Қазақстандағы ғылым мен білім беру жүйесінің тірегі бола білген Еуразиялық технологиялық университетінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен, қала берді алыс-жақын шетелден келген студенттер білім алуда. 

Бүгiндe Еуразиялық технологиялық университеті зaмaн тaлaбынa сaй жоғары оқу орны ретінде eлдiң иннoвaциялық дaмyының жәнe aдaм кaпитaлын қaлыптacтырудың сyбъeктiсi рeтiндe жaңғыртy үдeрiсiнiң көш бaсындa тұр.

                             Д. Оналтаев, 
Еуразиялық 
технологиялық 
университетінің 
профессоры 

Фото: osken-onir.kz