Қазіргі уақытта технологиялар мен ғылыми жаңалықтардың үздіксіз дамуы кезінде жасанды интеллект жұмыс істеп, бизнес жасау шығармашылық және ақпараттық процестер үшін ажырамас құралға айналды. Осыған орай Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде жергілікті БАҚ-та жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану туралы баспасөз жиыны өтті.
Жаңа заманға серпіліс әкелген жасанды интеллект арқылы мақала мен кітап жазуға, суреттерді генерациялап, жандандыруға, дауысты өңдеп синтездеуге, сондай-ақ, музыка жазуға болады. Бұдан бөлек жасанды интеллектің басқа да қосымшалары бар. Осының бәрі ЖИ-дің басқа құралдардан артықшылығын айшықтап тұр.
«Жетісу Медиа» МКК-і өңірлік БАҚ арасында Жетісу облысында алғаш рет өз қызметінде жасанды интеллект қолдана бастады. Бұл үдерістің алғашқы қадамы ретінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құзыреттерін дамытуға және әлемдік журналистиканың цифрлық трендтерімен танысуға бағытталған облыстық БАҚ қызметкерлері үшін «Жасанды интеллекті енгізу және оқыту» семинар-тренингі өтті. Семинардың нәтижесінде «Вестник Жетісу» газеті мен Өңірлік коммуникациялар қызметі, радио, теледидар және YouTube арналарда күнделікті және апта сайынғы хабарландырулар мен дайджест дайындау кезінде ЖИ-ді қолданады.
Аталмыш бағытта орыс және ағылшын тілдерінде аудио және бейнероликтерді дауыстайтын жүргізуші-дикторлардың екі цифрлық аватары жасалды. Түсініспеушіліктерді болдырмау үшін бейнелердің AI цифрлық белгісін қолдану арқылы дайындалғанын ресми түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда мультимедиялық журналистикада AI қолданудың алғашқы қадамдары жасалып келеді. Одан бөлек, YouTube арналарындағы бейнелердің көбейіп келе жатқан көрінісі аудиторияның осы тақырыпқа қызығатынын көрсетеді. Болашақта ұсынылатын мазмұн спектрі кеңейтілмек.
Айғаным АЙТМҰХАН