Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің жалақысы өсуі мүмкін.

Уақыты: 24.04.2023
Оқылды: 1430
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпарат дерегін ұсына отырып. 

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

- 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1,3 мөлшерде», - делінген құжатта.

Қауылы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, педагогтердің жалақысын көтеру - аталған саланы таңдайтын жастар қатырының көбеюіне және мұғалімінің беделін арттыруға ықпал етпек.

«Жобаның мақсаты - педагогтің өмір сүру жағдайларын жақсарту және оның әлеуметтік мәртебесін арттыру, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мұғалімінің беделі. Нәтижесінде педагог мамандығы педагогикалық қызметтер нарығында сұранысқа ие мамандықтардың біріне айналады», - деп түсіндірме берілген Үкімет қаулысына.

Құжат 5 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

 

Фото: көрнекілікке алынды

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ