Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы шеңберінде «Аутизм және басқа да бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығында» «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шараға Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Айгерім Төлегенқызы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді үйлестіру бөлімінің бас маманы А. Саутбеков қатысты. Шара «Орталықтың өмірі» бейнесімен, одан ересектердің көмегімен балалар шығарған сәндік-қолданбалы шығармашылық жұмыстардың көрмесімен басталды. Ата-аналарға, мамандар мен қонақтарға арналған тренинг, сұраныс бойынша жеке консультациялар жүргізілді. Бейінді ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері және алгоритм бойынша мүгедек балалардың ата-аналарына, заңды өкілдеріне арналған арнайы әлеуметтік қызметтер мен өзге де жұмыстар туралы ақпараттық нұсқаулықтар ұсынылды. Мамандардың кабинеттері мен жаңа бағыттағы шеберханаларда экскурсия өткізілді.
Ашық есік күнін өткізу орталықтың ата-аналар мен жұртшылық үшін ашық болуына мүмкіндік берді. Орталықтың қабырғасында балалардың өмірі қалай өтіп жатқанын көрсету – Ашық есік күнінің басты міндеті болды. Өзара қарым-қатынас жасай отырып, ата-ана мен қызметкерлер бір-біріне балаларды орталықта және үйде тәрбиелеу жайлы тәжірибе алмасты.
Инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған «Қамқорлық қоры» бастамасымен биыл көктемде Талдықорғанда «Аутизм және басқа да бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» ашылды. Мекеме 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар адамдар үшін қысқамерзімді болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға жатады.
Орталық қызметінің мақсаты – аутизм және басқа да бұзылулары бар балаларға туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдай жасайтын және басқа азаматтармен қоғам өміріне қатысуға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешенін ұсыну.