ҚАЗАҚТАР ГОЛЛИВУДТЫ МОЙЫНДАТТЫ

Уақыты: 30.11.2023
Оқылды: 2525
Бөлім: РУХАНИЯТ

Кино әлеміндегі үздік туындылардың ең қиын да қауіпті эпизодтарын кім сомдайды? Әрине, каскадерлер. Бұл орайда қазақ каскадерлері Голливудты мойындатқанын, «Оскар», «Алтын глобус» сыйлықтарына ие болған туындылардың жанкешті кадрларын шеберлер  сомдап шығатынын жақсы білеміз.

Қазақстандық каскадерлер түскен «Наполеон» фильмі прокатқа шықты. Картинаның режиссері британдық Ридли Скотт. Кинода француз императоры Наполеон Бонапарттың билікке келуі мен оның өмірлік жолы суреттеледі. Тарихи драманың эпикалық сахнасы – көлемімен ерекше.

Аталған туындыда қазақ жігіттері ат құлағында ойнап,  бірнеше қауіпті эпизодқа түскен. Қазақстандық каскадерлерге режиссер алғыс білдіріп, басқа да жобаларға шақыратынын айтқан екен. 

Аталған «Nomad Stunts» каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов. Топ 2000 жылы құрылған. Содан бері Голливуд, Болливуд және Түркияның жетекші студияларымен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Үш жыл бұрын каскадерлер әлемінің Оскары саналатын «Таурус» сыйлығын иеленгенін де айта кеткен жөн.

Шытырман оқиғаларды сомдаған Есболат Әбдіберік: «Наполеон» фильмі Ұлыбритания елінде, Лондон қаласында түсірілді. Біздің топтан 12 жігіт жұмыс жасадық. Көптеген трюктар көрсеттік. Көптеген костюм кидік. Казак болдық, австриец болдық. Ағылшындық, француз болып киіндік. Былай айтқан кезде барлық образды сомдап үлгердік», – дейді.

"Жетісу-Ақпарат"