Әр адамға 8 млн. теңге: Ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие берілмек

Уақыты: 17.04.2023
Оқылды: 1626
Бөлім: ОН САУСАҚ

Жетісу облысында мамыр айынан бастап қосалқы шаруашылық ашқан ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие берілмек, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Өңірде алғаш жүзеге асып отырған жобаға 1 жарым млрд теңге бөлінді. Қазір ауыл шаруашылығы басқармасы бұл жобаны үйлестіретін қаржы ұйымын анықтап жатыр. Жоспар бойынша әрбір адамға 2 жарым пайыздық үстемемен 8 млн теңге беріледі. Қаражат мал шаруашылығы үшін жеті жылға, ал өсімдік өсіретіндерге бес жыл мерзімге есептелген. Тек оны алу үшін кепілдікке қоятын дүние мүлік болуы керек. Бұл бастама мал басын көбейтіп, бағбандардың қолын ұзартуды көздейді. 

- Қосымша қаражат сұралды. Ол бойынша 1 млрд 600 млн тағы да қаражат қарастырылды. Бұл бағдарлама бір жылмен тоқтап қалмайды. Президентіміз айтқандай  ары қарай жалғасын табады, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Сурет ғаламтордан алынды