Қонақүй бизнесі –табысты сала

Уақыты: 04.11.2023
Оқылды: 1629
Бөлім: ОН САУСАҚ

 Жетісу жерінде туристік және қонақүй саласын табысты дамытуға мүмкіндік бар. Қонақүй бизнесі – қонақжайлылық танытып, қызмет көрсетуде ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі.

«JULDYZ Hotel» ЖШС 2016 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Компания жетекшісі Елжас Ахметовтың Алматы қаласында «JULDYZ» атты 3 қонақүйі бар. Кәсіпкер үлкен шаһардағы қонақ- үйлердің қызметін оң жолға қойған соң кәсібін кеңейтуді ойлап, Жаркент қаласынан қонақүй сатып алды. Себебі, ол жерде туристік әлеует бар. Өйткені, жақын маңда «Қорғас» шегара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы бар. 

Кәсіпкер «Қазақстан халық банк» АҚ-ға жүгініп, субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша «2021-2025 жылға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде қарызы мақұлданды. Нәтижесінде несие бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 7%-ға дейін төмендетілді. 
Сатып алған қонақүйі қала орталығындағы ыңғайлы жерде орналасқан. Жалпы ауданы 2 мың шаршы метрден асады. Бүгінгі таңда «JULDYZ» қонақүйінің қызмет көрсету сапасы көп көңілінен шығады. Бөлмелері кең де жарық әрі таза. Яғни, бұл алыстан ат терлетіп келген қонақтардың алаңсыз тынығып, сергуіне мүмкіндік береді.

Айгүл Байжұмақызы
Жаркент қаласы
Панфилов ауданы