РЕСМИ: Қазақстанда 1 сәуірден бастап бензин мен дизель отынының бағасы өседі

Уақыты: 31.03.2023
Оқылды: 1057
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ертеңнен бастап Қазақстанда бенизн бағасы литріне 6-7 теңгеге, дизель отыны 12-14 теңгеге дейін өсетіні айтылды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы ресми дереккөзі саналатын “Ашық НҚА” сайты мәліметіне сүйеніп хабарлайды. 

Нақтырақ айтқанда, АИ-80 маркалы бензин тоннасына 93 161 теңге, АИ-92 маркалы бензин және АИ-93 құны 193 649 тоннасына теңге болады, жазғы немесе маусымаралық дизель отыны тоннасына 236 156 теңгеге дейін көтерілмек. 

 Бұл бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні ескертілген.

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ