Ауыл ұстаздары 200 литрлік бөшкеге су тасып жүр

Уақыты: 25.05.2023
Оқылды: 647
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Көкжар ауылының ұстаздары күнделікті 200 литрлік бөшкеге су тасып жүр. Онда да тұмаға елден бұрын ерте бармаса, тазасынан құр қалады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік балымы.

Олар қызмет ететін мектептің өзіне 3 ғасыр болған екен. Сонау 1895 жылы салынған оқу ордасы әбден ескіріп, қабырғасы  қақырап тұр. Мекемеге құбыр тартылмағаны былай тұрсын, интернет байлынысы атымен жоқ. Көкжар орта мектебінің директоры Әлия Мырзагелдинова:

– Күделікті 200 литрлік бөшкеге су тасимыз. Көбіне тұмадан аламыз. Таңертең ерте таза болып ағады. Жауын жауып, лай болған жағдайда жақын жердегі колонкадан әкелеміз, – дейді.

Мектептің жағдайына байланысты жауап берген Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы Әсет Ибраимов: «Біз ол мектепке күрделі жөндеу жүргізу бойынша өтінім бергенбіз. Оған дейін ең болмаса гинастикалық зал мен мәжіліс залға сұраныс жіберіп отырмыз», – деді.

Ал, интернеттің жоқтығы қарапайым тұрғындардан бөлек оқушыларды да әбден титықтатып біткен. Балалар ғаламторды пайдалану үшін шалғайдағы туыстарының үйіне баруға мәжбүр.

Көкжар ауылында 160 тан астам халық тұрады. Тұрғындардың басым көпшілігі «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен орман шаруашылығында еңбек етеді.

– Байланыс жағы қиындау. Алыс-жақын туыстарымызбен хабарласу үшін қырға шығып, ауылды аралап кетеміз. Ал кейде ауарайы бұзылған кезде апталап байланыс болмай қалады. Күнделікті тіршілігіміз осы. Ауызсудан да таршылық көріп келеміз, – деген тұрғындарды ауызсудан бөлек, байланыстың жоқтығы алаңдатады.

"Еуразия" арнасы хабарлағандай аталмыш ауылдың мәселесін шешу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржат бөлініпті. Алдағы жаз айларында ауылға инфрақұрылым тарту жұмыстары басталмақ. Ендігі кезекте ауыл тұрғындары автобустың жоқтығына айтып шағымдануда. Өйткені, аудан орталғына жету мұң көрінеді.

Сурет "Еуразия" арнасынан алынды