Биыл шомылу маусымында Алакөлге 1,5 миллион демалушы келетіні айтылды

Уақыты: 25.05.2023
Оқылды: 702
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алакөлде 5 маусымда шомылу маусымы басталады. Мұндай ақпаратпен жергілікті билік бөлісті. Қазір емдік көлдің жағалауындағы қонақүй иелері  туристерді қабылдауға дайындалып жатыр. 

Қазақстандықтар сүйікті Алакөлге автокөлік және ұшақпен, соның ішінде Астана мен Талдықорғаннан тікелей рейс арқылы жетуге болады. Жаңа шомылу маусымына демалыс аймақтарының иелері мұқият дайындық үстінде. Олар демалушылардың жақсы тынығуы үшін барлық жағдайды жасайтын болады.

Іскер әйел Зура Молдаханова турбизнес ардагері. Сөзінше, 18 жыл ішінде туристер әлдеқайда көбейген. Нәтижесінде тұрақты клиенттер қатары артқан.

– Біз жұмысты Үшарал қаласындағы дәмханадан бастадық. Демалушылар бұл жерге үнемі туыстарымен келеді. Мүмкін жер алып, тынығушыларға пайдасы бар арнайы орын салу керек шығар. Көл суының емдік қасиеті бар. Ол буын мен тері ауруы бар адамдарға жақсы көмектеседі. Сол себепті санаторий жасауға болады деп ойлаймын, – дейді кәсіпкер.   

Қонақүй нөмірінде тұру тәулігіне 10 мың теңгеден басталады. Бірақ пансионат иелері жыл сайын бағаны көтеруге мәжбүр. Өйткені тұрақты істейтін қызметкерлер табу қиын.

Бұдан бөлек кәсіпкерлер ең қиыны – демалыс аймағында қоқыстың тез жиналатынын, жағалауда жуынатын орынның жоқ екенін айтады.

Биыл шенеуніктердің жоспары бойынша, Алакөлге 1,5 миллион демалушы келмек. Көлге іргелес аумақта 300-ге жуық демалыс аймағы бар. Жаңа маусымда оларға тағы 14-і қосылады.

– Маусымның ашылуына дайындық жүруде. Біз отандық туризмді дамытуға тырысамыз. Алакөл көлі үздік 10 туристік орынға кіреді. Сондықтан біз демалушыларға барлық жағдай жасауға тырысамыз, – дейді Алакөл ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дәулет Жуандықов.

Қалай болғанда да жағажайға оңтайлы жетуге әлі көп күш жұмсалуы тиіс. Өйткені, бұл жерге таяуда мыңдаған демалушы ағылады. Яғни  жергілікті билік пен кәсіпкерлер үшін өте маңызды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Алакөл ауданы

Сурет: көрнекілікке алынды