"Іс ерекше бақылауға алынды": Гүл алқабын таптап көптің наразылығын тудырған жүргізуші анықталды

Уақыты: 25.05.2023
Оқылды: 660
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының полицейлері Алматы маңындағы көкнәр алқабында дрифт жасаған BMW жүргізушісін тапты, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Tengrinews.kz дерегін өзгеріссіз ұсына отырып.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп бұзушы 34 жастағы Кербұлақ ауданының тұрғыны. Оның әрекетінде жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережелерін бұзу қарастырылған.

"Видеодағы BMW көлігінің иесі 34 жастағы Кербұлақ ауданының тұрғыны. Жүргізушінің іс-әрекетінде ӘҚБтК-нің 386-бабында көзделген "жасыл желектерді ұстау және қорғау қағидаларын бұзу" бұзушылық көрінеді.

Белгілі болғандай, ер адам қазір іссапарда. Елге оралған соң ол қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Іс ерекше бақылауға алынды", - деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Фото: kaz.tengrinews.kz