"Жасы 35 жастан аспауы тиіс": Елімізде екі ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Уақыты: 22.09.2023
Оқылды: 731
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Жастар ипотекасы алғаш рет Павлодар облысында және Ақсу моноқаласында "Ертіс жастары" деген атпен іске қосылады. Өңір билігі несие беретін "Отбасы банкімен" келісімге қол қойды. Ипотекаға қаражатты әкімдіктер мен банк бірлесіп бөледі.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

  • Бұл бағдарламаға қатысушылардың жасы 35 жастан аспауы тиіс;
  • Соңғы бес жыл ішінде жылжымайтын мүлігі болмауы керек;
  • Ресми жұмыс өтілі – 6-12 ай (аймаққа байланысты).
  • Ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады. 

Ипотека шарттары:

  • Пайыздық мөлшерлеме — жылдық 5% (ГЭСВ-5,2%-дан).
  • Бастапқы жарна – 10%.
  • Қарыз сомасы — өңірге байланысты 10-нан 20 миллион теңгеге дейін.
  • Егер таңдалған тұрғын үй қымбатырақ болса, онда қарыз алушы қалғанын өзі жабуы керек.
  • Несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Өңірлердің әкімдіктері өтінімдерді қабылдау күндері мен қатысушыларға қойылатын нақты талаптар туралы қосымша хабарлайды.

"Отбасы банкі" баспасөз қызметі жастар бағдарламалары еліміздің барлық облыстарында қамтылғанын мәлімдеді. Олар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Абай облыстарында, Жетісу мен Ұлытауда жұмыс істейді. Жастар ипотекасын сатудың жалпы сомасы 98 миллиард теңгеден асады.

Фото: көрнекілікке алынды