Талдықорған қалалық ІІБ бастығы болған Марат Күштібаев жақында қызметтік кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деп екі ай қамауға алынған еді. Осыған қатысты кейбір деректің шеті шыға басталды. Бұл туралы «Көреміз» туралы ток-шоуында айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz
Бағдарламаға сұхбат берген жергілікті белсенді журналист Сандуғаш Дүйсенованың айтуынша, 11 қараша күні 27 жастағы алматылық бойжеткен сүйіктісімен Талдықорғандағы жалдамалы пәтерде кездеседі. Бірақ түнгі 2-лер шамасында сүйіктісімен сөзге келісіп қалады. Артынша, полиция қызметкерлерін шақырған. Таңда полиция бөліміне түсінік беруге барады.
«Екеуінің арасында кикілжің болған. Жігіт қашып кеткен бе ол жағы түсініксіз. Полицейлер қызды учаскеге алып келген. Сол кезде полиция бастығы қызды көріп қалады. Бойы ұзын әдемі қыз. «Не істеп жүрсің?» дейді. Учаскелік инспектор алып келгенін айтады. Онда жүр біздің кабинетке сөйлесейік деп шақырып алады. Кабинетінде «Сендей әдемі қызға протокол толтырғызбаймын» деп, қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеп, тиісе бастаған», - дейді Сандуғаш Дүйсенова.
Журналист қыз жігіті бар екенін айтқан, бірақ оған көнбей күшке салған деп отыр.
Екі айға қамауға алынған Марат Күштібаев бірнеше жыл Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы болған. 2019 жылы қарамағындағы қызметкерлерді балағатты деп қызметінен кеткен. Бірақ көп ұзамай, Талғар ауданының полиция басқармасының бастығы болып шыға келеді. Сол кезде Bek Air ұшағы апатқа ұшырағанда Күштібаев оқиға орнында жүрген. Кейін Іле ауданының, 2022 жылы Талдықорған қаласы полиция басқармасына келеді.
Айта кетейік, осы іс бойынша ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі зорлау бойынша қылмыстық іс қозғалған. Резонанстық оқиғадан кейін Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды. Оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызметтік сәйкестіктің толық еместігі туралы ескертілді.
Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабеков пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов те өз қызметтерінен алынды.
Фото: orda.kz