Мекемелер отынмен қамтылды

Уақыты: 11.12.2023
Оқылды: 629
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ақсу ауданы қыстан қысылмай шығады. Оған қатты  және сұйық отынның уақытында жеткізілуі  дәлел. Аудандағы  137 нысан керосин және көмірменмен жылытылады.  Оның 55-нің  қазандығы сұйық отынға арналған.   

Жансүгіров ауылындағы 5 қабатты үйге 904 тонна көмір жұмсалады. Оның 838 тоннасы мемлекет тарапынан субсидияланады. Бүгінге дейін 584 тоннасы ауданға жеткізілген. Бүгінде көмірдің тоннасы жеткізу құнын қосқанда  25000-27000 мың теңге көлемінде бағалануда.  Жыл сайын ауыл тұрғындарына  көмірді жаз кезінде, яғни, күн суымай тұрып жеткізіп алу барысында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Аудандық  жолаушылар көлігі және ТҮКШ бөлімінің» басшысы Жәнібек Бейсебаевтің айтуынша, ауданда  47 білім беретін нысан бар. Оның 42-і сұйық отынмен жылытылады.  Қалған 5-не қатты отын пайдаланылады. Биылғы лимит ауданға толығымен тасымалданған. Ауданда 17 ауылдық округке кіретін 49 елді мекен бар.  Қажетті қатты отын көлемі 44741 тонна, оның  41769 тоннасы сатып алынған. Жоспарға сәйкес,  отын кезекпен жеткізіліп жатыр.  Ауданда 31 денсаулық  сақтау мекемесі де отыннан таршылық көрмейді дейді мамандар.

Г.  МҰҚАШҚЫЗЫ
Ақсу ауданы
Фото: altaynews.kz