Жетісу өңірінің ауылдық аумақтарын дамыту мәселелері талқыланды

Уақыты: 18.05.2023
Оқылды: 1036
Бөлім: САЯСАТ

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесіп, ағымдағы жылдың сәуір айының соңында Жетісу өңіріне сапары барысында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру барысын талқылады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзінің алғы сөзінде Комитет төрағасы Әли Бектаев Сенат депутаттары еліміздің барлық өңірлерімен тығыз байланыс орнатып, осы өңірлердің өзекті мәселелерін республикалық деңгейде көтеріп, олардың шешілуіне мүдделі екенін атап өтті.

Жиын барысында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің өкілі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен облыста суару желілері мен су шаруашылығы нысандарын қайта құру бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Шара нәтижесінде қатысушылар ауылдық аумақтарды одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірледі.