"Халқымызға орасан зор қасірет әкелді": Тоқаев боздақтарды ақтау ісіне тоқталды

Уақыты: 31.05.2023
Оқылды: 871
Бөлім: САЯСАТ

Бүгін –  тарихымыздың қасіретті парағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Twitter-де арнайы жазба жариялап, ел үшін бұл күннің тарихи маңызын атап өтті. 

“Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе”, – деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Фото: көрнекілікке алынды