"Қазақстан сіздің атамекеніңіз деп айтуға болады": Тоқаев Мажарстан Премьер-Министріне "туыс" екенін жеткізді

Уақыты: 02.11.2023
Оқылды: 1468
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездесуі жалғасуда.

Келелі жиында Тоқаев қазақ пен мажар ұлттарының арасындағы жақын тұстарды атап өтті. 

«Қазақстан сіздің атамекеніңіз деп айтуға болады. Себебі тамырыңыз осы жерден бастау алады. Өзіңіз қыпшақтарға өте жақынсыз. Бұл деректі қазақтар жақсы біледі. Сондықтан сізге өте ризамыз. Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Екі ел арасындағы ынтымақтастыққа күшті серпін береді деп сенеміз. Қазақ пен мажар — ежелден сыйластығы жарасқан туыстас халықтар. Екі елдің тілі, салт-дәстүрі, мәдениеті ұқсас. Орта ғасырларда Торғай даласынан Еуропаға қоныс аударған қыпшақ тайпаларының ұрпақтары бүгінде Мажарстан аумағында өмір сүріп жатыр. Біз мұны мақтан тұтамыз. Тарихи тамырластық және тығыз байланыстар бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тереңдей түсуіне негіз болды. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-мажар ықпалдастығы барлық салада қарқынды дамыды», — деді Мемлекет басшысы.

Фото: Ақорда

7-su.kz ұсынады