Қытай Қазақстанда электромобильдер шығаруды жоспарлауда

Уақыты: 20.05.2024
Оқылды: 463
Бөлім: САЯСАТ

Қытай Қазақстанға электромобильдер өндірісін құру туралы ұсыныс жасады. Ал ҚР Сыртқы істер министрлігі қытайлық компанияларды сирек кездесетін минералдар қорын бірлесіп игеруге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанның озық технологияларды, инновацияларды дамытуға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу әлеуетін жетілдіруге мүдделі екенін жеткізді. Айтуынша сол себепті сапалы технологиялық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады.

“Атап айтқанда, қытай тарапының елде электромобильдер өндірісін құру туралы ұсынысын қазақ тарап толық қолдайтын болады”, — деді Мұрат Нұртілеу.

Қытай Сыртқы істер министрі Ван И-мен Астанада өткен кездесу кезінде Мұрат Нұртілеу қазақстандық тараптың қытайлық компанияларды сирек кездесетін минералдар қорын бірлесіп игеруге шақыратынын атап өтті. Тағы бір перспективалы бағыт цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект болуы мүмкін екені де атап өтілді.

Мұрат Нұртілеудің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасында инновациялар және ауыл шаруашылығы жөніндегі кіші комитеттерді құру туралы қол қойылған хаттама ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен терең өңдеуде өзара тиімді жобаларды іске асыруда екі ел бизнесіне көп көмегін тигізеді.

Фото: inbusiness.kz