"AMANAT" ПАРТИЯСЫ АТЫНА САЙ БОЛАДЫ ДЕП СЕНЕМІН - ОКРУГ ӘКІМІ

Уақыты: 04.03.2022
Оқылды: 1352
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясының ХХІІ съезінде партия атауын «Amanat» деп өзгерту туралы шешім қабылданғаны белгілі.

«Amanat» сөзінің мағынасы өте терең. Қазіргі жағдайда партияның өзгеріске ұмтылуы қоғамның негізгі сұранысы. Қазақ ежелден ұрпағын әділдікке, адалдыққа, жауапкершіліке шақырған, құлағына «біреудің ақысын жеме», «ешкімнің ала жібін аттама», «аманатқа қиянат жасама» деп отырған. Сондықтан да аманат ол – адамгершіліктің шыңы.

Қасым-Жомарт Кемелұлының «егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең-байтақ жеріміз бізге бабалардан жеткен аманат» екенін қадап айтуы әр адамның кеудесіндегі отансүйгіштіктің алауын жалындататындай ерекше әсер берді. Мен де осындай қастерлі құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз өте қажет деп санаймын.

Партиямыз атына сай болады деп үміттенеміз. Президентіміз «Жаңа Қазақстан» құру жолында алдына ұлы мақсаттар қойып жатыр. Ол біреу болып басқарсын, халық тіреу болып қолдайық!

«Amanat» партиясы атына сай болып, елге құт әкеледі деп сенемін. Ауызбірлікті болайық, алты бақан алауыз елдерді көріп жатырмыз. Аспанымыз ашық, еліміз аман жұртымыз, тыныш болсын!

Талғат БАЛШЕНОВ,

Ескелді ауылдық округінің әкімі

Қаратал ауданы

Алматы облысы