Ел таңдауы ертеңіміз үшін – Еділхан Ниязұлы 

Уақыты: 05.11.2023
Оқылды: 674
Бөлім: МІНБЕР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тапсырған еді. Осыған орай өңірімізде аудан әкімдерін сайлау жүріп жатыр. 
Ел Президентінің басты бағытты саяси реформаларға бұрып, мемлекеттік басқару жүйесін реттеуді қолға алғаны өте құптарлық қадам болды. Өйткені елімізде адал, халықпен тығыз қарым қатынаста жұмыс істейтін адам басшы болу керек.
Пилоттық жоба ретінде өтіп жатқан сайлауда аудан әкімдерін бұқара анықтайды. Бұл өте маңызды қадам деп ойлаймыз. Аудан мен ауылдарды өркендететін басшыны халық таңдауы тиіс. Себебі, жұртшылық осы ауданды жақсы білетін маманды ұсынады, әрі ол әкім де халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. 
Сайлауға бақылаушы ретінде келдім. Байқағаным сайлауға таңның атысынан келіп жатқан халықтың қарасы көп. Себебі, аудан мен ауылдың болашағы барлығын алаңдатады. Қуантатыны заң бұзушылық та тіркелмеді. Бүгінгі сайлауда ауданымызды дамытып, экономикамызды көтеретін білікті басшы сайланатынына, ел таңдауы адастырмайтынына сенімдімін.

Еділхан Ниязұлы 
Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы