Бұрын сотты болған. 51 жастағы есірткі сатушы ұсталды

Уақыты: 22.05.2023
Оқылды: 918
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысының полицейлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізіп, 51 жастағы «синтетика» сатушыны ұстады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Ер адам бұдан бұрын есірткі заттарын сақтау және сатумен байланысты қылмысы үшін сотталған.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары, синтетикалық есірткіні өткізу және сақтау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, сату және сақтауды көздейтін, қылмыстық заңнаманың екі бабы бойынша жүргізілуде», – деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметінің мәліметінше Қаратал ауданының Ескелді ауылында орналасқан жеке үйінде тәртіп сақшылары өсірілген марихуананы (108 түп) тамырымен жұлып алды.

Сондай-ақ, дайын кептірілген қарасора түптері (40 дана), есірткі оралған түйіншіктер, оның ішінде «синтетикалық» есірткілер және оларды қолдануға арналған әртүрлі құралдар табылды.

Фото: Жетісу облысы Полиция департаментінің ресми парақшасынан алынды