Ұрланған жылқы иесіне қайтарылды

Уақыты: 25.05.2023
Оқылды: 670
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жылқыны Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылы маңындағы шаруа қожалықтарының біріндегі қорадан ұрлап әкеткен, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Полицейлер жылқының иесімен бірге оны тауып алып, мал ұрлығына қатысы бар 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Белгілі болғандай, ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеген.

«Мал ұрлығы фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлады Қаратал ауданының полициясы.