"Келтірген залал 1,5 млн. теңге": Жәрдемақы рәсімдеу үшін ақша алған

Уақыты: 30.05.2023
Оқылды: 1232
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Панфилов ауданының полицейлері алаяқтықтарды тергеуді бастады. Арызданғандардың көбі ауылдық жердің тұрғындары, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жәбірленушілер мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақыны ресімдеуге үшін күдіктіге 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін берген.

«Жергілікті тұрғын анықталып, аудан бөліміне жауап алу үшін жеткізілді. Әйелдің дәрігер емес екендігі және оның осындай жәрдемақыларды тағайындауға жауапты МӘС-пен (медициналық-әлеуметтік сараптама) ешқандай байланысы жоқтығы анықталды. Бүгінгі таңда жәбірленушілерге келтірген залал шамамен 1,5 млн. теңгені құрады», – деді Панфилов аудандық полиция бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.

Жетісу облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Тергеу ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша жүргізілуде.

Фото: көрнекілік үшін